Қытайда 5,4 балдық жер сілкінісі болды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясының Дэлинха қаласында 5,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жерасты дүмпулері бүгін тіркелді және оның ошағы 10 км тереңдікте болған.

Дэлинха қаласында 90 мыңға жуық адам тұрады. Әзірге табиғат апатынан зардап шеккендер мен қираған мүліктер туралы ақпарат түскен жоқ.

Цинхай провинциясы Цинхай-Тибет үстіртінің солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан және белгілі бір жүйелілікпен жер сілкінісі болатын сейсмикалық аймақ.


Соңғы жаңалықтар