Қытайда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 23 сағат 07 минутта тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 1030 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12.4. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым.
Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар