Қытайда Абайдың 170 жылдығына орай «Абайдың балалық шағы» атты «3D» мультфильм көрсетілмек
Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы хабарлады.
Бала Абайдың анимациялық образын жасауды Ғұсман Қажытай есімді қандасымыз осыдан екі жыл бұрын бастаған. Әрқайсысы 13 минут болатын 104 сериялы «Абайдың балалық шағы» шағын «Абай жолы» атты анимациялық студияда жасалып жатыр. Авторлар мультфильм қазақ, қытай, ұйғыр, ағылшын тілдерінде шығатынын айтады. Сонымен қатар, анимацияланған Абайды көруге тек Қазақстан мен Қытай емес, Оңтүстік Азияның бірнеше мемлекеті құштарлық танытуда. Бүгінде жобаның екі сериясы дайын тұр. Осы жылдың қыркүйек айында көпшілікке ресми түрде таныстырылады. Бұдан бөлек жоба авторы Ғұсман қандасымыз дарынды қазақ жастары тәрбиеленетін Абай атындағы аниматорлар академиясын ашпақ. Оның тұсаукесері де қыркүйек айына жоспарланған.