Қытайда аккумулятормен жұмыс істейтін аспалы темір жол іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда Сычуань провинциясының Чэнду қаласында Sky Train - елдегі тұңғыш аккумуляторлық батареямен жұмыс істейтін аспалы темір жолы қолданысқа берілді, деп хабарлайды CCTV телеарнасы.

Қытайда аккумулятормен жұмыс істейтін аспалы темір жол іске қосылды

Литий батареялары пойыздың 4 қозғалуына мүмкіндік береді. Аялдау кезінде аккумуляторларды қуаттап алуға болады. Пойыз сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүреді.  

Пойыз құрамында панда секілді боялған екі вагон бар. Екі вагонға жалпы саны 230 жолаушы сыяды. Әзірге панда-пойыз Сычуань провинциясында ғана жүреді, аспалы дара рельстің ұзындығы 1,5 шақырымды құрайды. Алайда, жақын күндері билік рельсті 6 шақырымға дейін ұзартуды жоспарлап отыр, деп жазады epochtimes.ru.