Қытайда бүгін екі жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 10 қаңтар күні Қытайда екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан 548 км қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 11.5. MPV магнитудасы – 5.5. Эпицентр координаты – 38.78° с.е. 74.01° ш.б. Тереңдігі – 15 км. Сондай-ақ бүгін Алматы уақытымен сағат 10:10-да тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 332 шақырым жерде, тағы да Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.0. MPV магнитудасы – 4.2. Эпицентр координаттары – 44.43° с.е. 80.68° ш.б. Тереңдігі – 10 км», - делінген кезекші оператор хабарламасында.
Фото: ekonomigundemi.com.tr