Қытайда Димаш туралы анимацияны тамашалағандар саны 5 млн-нан асып кетті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда Димаш Құдайбергеннің жанкүйері әншіге арнап құмнан әдемі бейне салуға қатысты видеоролик түсірді. Ол бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде 5 млн-нан астам рет көрілді, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат тілшісі.

Powder animation деп аталатын құммен сурет салу техникасы көмегімен жасалған мультипликациялық фильмді қытайлық Weibo желісіне «MingzheSS» атты пайдаланушы 5 ақпан күні жүктеген. Роликке Singer байқауының үшінші кезеңінде  Димаш Құдайбергеннің шырқаған «Show must go on» әні таңдалынып алынған.
 

11 ақпанда видеоны тамашалағандар саны 5 млн 230 мыңға жеткен.

Еске сала кетсек, қазақстандық Димаш Құдайберген Қытайда «Singer» байқауына қатысып жатыр. Астана уақытымен 11 ақпан күні сағат 20.30-да Hunan.TV телеарнасынан байқаудың 4-кезеңі көрсетіледі. Бұл кезеңде Димаш Құдайберген қытай тіліндегі «Күзгі мұң» әнін акцентсіз айтып, үшінші орын иеленген болатын. 
Байқаудың видеосын теледидардан көрген Қытайдың әйгілі кино актері Джеки Чан Димашпен кездесіп, өзінің эксклюзивті күртешесін сыйға тартып, соңғы "Kung Fu Yoga" кинокартинасындағы би қимылдарын үйретті.

Соңғы жаңалықтар