Қытайда динозаврдың 80 жұмыртқасын ұрлап кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай полициясы динозаврдың тасқа айналған 80 жұмыртқасын ұрлады деген күдік келтірілген 4 адамды ұстады.

Қытайда динозаврдың 80 жұмыртқасын ұрлап кеткен

Прокуратураның мәліметі бойынша,  қолға түскендердің бірі - Ван сатып алушы ретінде Чжэцзян провинциясындағы  Тяньтай қаласында тұратын коллекционердің үйіне барған.

9 қаңтарда түнде ол өзінің үш сыбайласымен бірге коллекционерді тонап, 80 динозаврдың жұмыртқасын алып кеткен, деп жазады China Daily  ресми үкіметке сілтеме жасап.

 

Одан әрі сыбайластар жұмыртқаны өзара бөліскен. 27 данасын Ван алған. Ұрланған құнды заттарды полиция Хэйлунцзян провинциясындағы Хуанань үезінде тұратын Ванның үйін тексеру кезінде тапты. Қалғандары да қолға түсті. Бірақ 50 жұмыртқаның тағдыры әзірге белгісіз болып отыр.

Хэйлунцзян полициясы Ванның қамауда екендігін растады, бірақ  қалғандары жайлы айтудан бас тартты.

Ғалымдардың пікірінше, Шығыстағы Чжэцзян провинциясында  ежелгі Бор дәуірі кезеңінде түрлі диназаврлар тіршілік еткен. Бұл аумақта 6 жыл бойы 11 мың шаршы метр аумақта, 82 жерде  зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілген.

Археологиялық жұмыстар барысында кем дегенде динозаврдың 8 түрінің қалдықтары және тасқа айналған жұмыртқалардың 25 түрі табылған.

«Чжэцзянде бор дәуірі кезеңінде, 65-145 миллион жыл бұрын аса көп динозаврлар мекен еткені дәлелденді»,-деп хабарлады Чжэцзянс жаратылыс тану-тарихи  музейі тәлімгерінің орынбасары Цзинь Синьшен.

Қазіргі уақытта  тасқа айналған динозавр жұмырқаларының ең көп рекордты табылуы - Гуандун провинциясындағы Хэюань қаласының еншісінде.

Мұнда 1996 жылдан бері 17 мың тасқа айналған қалдықтар табылған.

Содан да болар, Хэюань қаласын ғалымдар «палеонтологтар пейіші» деп атайды.  Тасқа айналған динозаврлар ғалымдарды ғана емес, контрабандашыларды да қызықтыруда. Олар шетелдік коллекция жинаушыларға сату үшін ұрлыққа барады.