17:59, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қытайда ең ұшқыр желі ашылды
АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Қытайдың орталығындағы Ухань қаласы мен елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласының арасына қатынайтын Қытайда жоғары жылдамдықты теміржол желісі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл желіде пойыздар сағатына 350 шақырымдық жылдамдықпен зымырай алады, ол әлемдегі рекордтық көрсеткіш болып табылады.
Жаңа желіні қосу салтанатына бірден екі: бірі Уханнан Гуанчжоуға аттанатын, екіншісі кері бағытпен жүретін пойыз қатысты. Саяхат үш жарым сағатқа созылды, ал бұған дейін жолаушылар жолға он сағаттан астам уақыттарын жұмсайтын.