Қытайда ер адам 5 оқушыны пышақпен жарақаттады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань провинциясында ер адам кеңсе пышағымен бастауыш сыныптың бес оқушысын жарақаттады, деп хабарлайды wenchang.hinews.cn
Оқиға таңертең ерте Вэньчан қаласының шығысында болды. Белгісіз ер адам мектеп аумағына кіріп, кеңсе пышағымен бесінші сыныптың оқушыларын жарқаттаған.
Қазіргі уақытта оқушылар ауруханаға жеткізілді. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция шабуыл жасаған күдіктіні ұстап үлгерді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.