Қытайда «қазақша күрес» дамып келеді

40-тан астам студент-палуандар «қазақша күрес» бойынша үш салмақ дәрежесінде - орта, ауыр және «түйе балуан» атты аса ауыр салмақта тартысқа түсті.
Бұл күні сонымен қатар үстел теннисі бойынша жарыстар өтті. Оған Шанхай қаласының жеті университетінен жеті команда қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионаттың негізгі мақсаты қазақтың ұлттық спорт түрі - «қазақша күресті» тарату, сондай-ақ шекараның ар жағында тұратын қазақстандық жастарды патриоттық тәрбиелеу болып табылады.
ҚР БҒМ-нің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Азия мен Океаниядағы өкілі Қайыржан Ерманов атап өткендей, екі әртүрлі ойынды өткізудің маңызы зор. Қазіргі кезде Қазақстанда ұлттық спорт түрін тарату және оны Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу үшін үлкен күш салынып отыр. «Жас қазақстандықтар болашақта ұлттық спорт түрі «қазақша күрестің» үстел теннисі сияқты Қытайдағы ұлттық спорт түріне айналып, қазақстандықтарға да, бүкіл әлемге де кеңінен танымал болғанын қалайды», - атап көрсетті ол.
Өз командаларын қолдау үшін сайыс өтіп жатқан жерге Шанхайдағы ЖОО-да оқып жүрген жүзден астам қазақстандық студенттер келді.
Спорттық шара ҚР БҒМ-нің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Азия мен Океаниядағы өкілдігінің ұйымдастырумен және Шанхай қаласындағы Kazakh connection студенттік ұйымының белсенді атсалысуымен өткенін естеріңізге сала кетейік.