Қытайда қазақстандық қызыл әскер жауынгері Смағұл Майдар қайта жерленді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Хэйлунцзян провинциясы Муданьцзян қалалық округінің Телинхэ кентінің «Чунъинъюань» мемориалдық саябағында Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытайды жапониялық басқыншылардан босату кезінде қаза тапқан кеңес жауынгерлерінің мәйітін қайта жерлеу рәсімі өтті.
None
None

Қайта жерленген Кеңес жауынгерлерінің қатарында Смағұл Майдар бар. Ол 190-атқыштар дивизиясының 112-атқыштар полкінің жауынгері болған. 1905 жылы Павлодар облысы Куйбышев ауданы Ново-Троицкое ауылында (қазіргі ҚР Павлодар облысының Ақтоғай ауданында) туған. 1943 жылы әскерге шақыртылған. Сол кезде оның әйелі Смағұлова Жәмила Павлодар облысы Куйбышев ауданы Ново-Троицкое ауылында тұрған. Жауынгер 1945 жылы 15 тамызда қаза тапты.

Жауынгерлердің мәйіттерін қайта жерлеу рәсіміне ҚХР-дағы РФ Елшілігінің қызметкерлері, РФ Бас штаб академиясы мен Әскери ғылымдар академиясының, Амур облысының басшылығы, қаза тапқан кей жауынгерлердің туыстары, сонымен қатар бірінші Ресей-Қытай іздеу экспедициясы жүргізген «Вахта Памяти. Китай-2015» шарасына қатысушылар қатысты.

Қазақстан атынан шараға ҚХР-дағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери атташесі Ерен Қожеков қатысты.

Еске сала кетейік, Смағұл Майдардың мәйіті Қытай аумағында қаза тапқан кеңес жауынгерлерін мәңгі есте сақтау бойынша алғашқы бірлескен Ресей-Қытай іздеу экспедициясы жүргізген «Вахта Памяти. Китай-2015» шарасының көктемгі-жазғы кезеңінде табылды.

Соңғы жаңалықтар