Қытайда Қазақстанның Тәуелсіздігі күні атап өтілді (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі алда келе жатқан ҚР Тәуелсіздігінің 23 жылдығына орай дипломатиялық қабылдау өткізді.
None
None

Шараға шамамен 400-дей адам қатысты, олардың ішінде Қытай дипломатиялық корпусының, халықаралық ұйымдарының, бизнесінің және сарапшылар қауымының өкілдері, сондай-ақ ҚХР-да тұратын қазақстандық азаматтар (ұлттық компаниялар қызметкерлері, студенттер т.с.с.) болды.

Шараны Қазақстанның Қытайдағы істерінің уақытша сенімді өкілі Рақымжан Рахымов ашты. Ал қытайлық тараптан ҚХР сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин сөз сөйледі.

«Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған 23 жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен бұл елде саяси тұрақтылықтың, экономикасының тұрақты өсімінің, халқының игілігінің артуының байқалуы қуантады. Қазақстан Қытайдың стратегиялық әріптесі болып табылады. Екі ел арасындағы байланыстар ең жоғарғы деңгейде қолдалуда», - деді ол өзінің құттықтау сөзінде. Қытай нарығына жіберу жоспарланып отырған қазақстандық шарап өнімдері («Arba Wine», Алматы облысы) мен бал өнімдерін («Пасека» ШҚ, Шығыс Қазақстан облысы) таныстыру осы шараның басты ерекшелігіне айналды. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 19 қарашасында ҚХР мен оған қосымша КХДР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент көмекшісі - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды. Күні бүгінге дейін дипломатиялық өкілдік басшысы ретінде оның орнын басатын үміткер анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар