Қытайда қазақтың «Аю биі» дәріптелуде

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қытайдың Шынжаң өлкесі Жеменей ауданы қазақтың "Аю биін" мемлекеттік дәрежеде қорғап, дамыту үшін «Бейзаттық» мәдени мұра тізімінің үшінші тобына ұсынып отыр.
None
None

Ал осы биді сақтап, бүгінгі күнге жетілдіріп жеткізген Шаймұрат есімді қазақ азаматы осы өнерді жалғастырушы ұрпақ тәрбиелей бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шаймұрат 2008 жылы Шынжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің «Бейзаттық» мәдени мұра бағдарламасы аясына енгізілген «Аю биінің" бүгінгі заңды жалғастырушысы ретінде танылған болатын. Қазақтың "Аю биі" адамдардың аң аулау барысында аюдың азық аулағандағы қимылдарын бақылап, еліктеуі арқылы қалыптасқан, ертедегі адамзат тұрмысын елестететін би. Биші аю болып жасанып, аюдың үңгірден шығуы, азық іздеуі, азығын байқауы, бақылауы, аулауы сияқты түрлі қимылдарын сондай-ақ, шапалақ соғуы, ақыруы секілді әрекеттеріне еліктеу арқылы аюдың икемсіз әрі сүйкімді, шабан әрі сақ, момын әрі зерек болып көрінетін қайшылықты бейнесін алып шығады. Би жанды да ширақы, қызықты да мәнді қалыппен өрбіген.

Соңғы жаңалықтар