Қытайда маймыл оны түсіріп тұрған туристің телефонын қолынан жұлып алып кетті (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайлық Сычуань провинциясында Эмэйшань тауында маймыл оны видеоға түсірейін деп тұрған туристің телефонын жұлып алып кетті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ол жануарды тамақтандырып тұрған, ал маймылдың телефонды қолынан қалай жұлып алғанын байқамай да қалған. Маймыл телефонмен бірге белгісіз бағытта жоқ болып кетті.
- Сирек кездестін жағдай. Мұндай оқиға жылына бір-екі рет орын алуы мүмкін. Кейде телефонды тауып аламыз, көбінесе маймылдар оны тау етегіне лақтырып кетеді, - дейді мамандар.
Персонал ұялы телефонын іздеп жатыр, әзірге еш нәтиже жоқ.