Қытайда Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі

БЕЙЖІҢ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға ресми сапар жасайды.
None
None

Бұл туралы Бейжіңде кезекті баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ-нің ресми өкілі Хун Лэй хабарлады.

Қытайлық дипломаттың айтуынша, Н.Назарбаев 6-8 сәуір аралығында өтетін Боао азиялық форумының (БАФ) жыл сайынғы сессиясына қатысады.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин БАФ-тың жыл сайынғы сессиясының ашылуында бағдарламалық сөз сөйлейді, деп атап өтті Хун Лэй. «Ауқымы бойынша биылғы форум бұған дейін өткізілгендердің барлығынан асып түседі және Азия мен әлемнің жалпы дамуы үшін ірі оқиға атанады», - дейді қытайлық дипломат.

ҚазАқпарат бұған дейін хабарлағандай, Боао азиялық форумының жыл сайынғы сессиясы 6-8 сәуір аралығында Қытайдың Хайнань провинциясында өтеді. Биылғы форум сессиясы «Азия барша үшін дамудың ізденісі үстінде: қайта құрылымдау, жауапкершілік және ынтымақтастық» тақырыбына арналады.

ҚХР СІМ-нің ақпаратынша, бұл шараға сондай-ақ Бруней, Мьянма, Перу, Замбия, Финляндия және Мексика басшылары қатысады. Камбоджа, Жаңа Зеландия және Австралияның үкімет басшылары БАФ-тың жыл сайынғы сессиясына қатысу үшін Қытайға келеді.

Соңғы жаңалықтар