Қытайда педофилдердің жеке мәліметтері жарияланатын болады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Чжэцзян шығыс-қытайлық провинцияның Нинбо қаласының Цыси уезінің билігі қағида шығарды, оған сәйкес жергілікті үкімет, сондай-ақ WeChat және Sina Weibo әлеуметтік желілерінде педофилдердің тегі, есімі, фотосы, тұратын жері мен жұмыс орны туралы дербес ақпарат жарияланатын болады.
None
None

Бұл норма кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты зорлық, сексуалдық сипаттағы іс-әрекеті, кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікке тартуды ұйымдастырғаны үшін бес жылдан артық мерзімге сотталған тұлғаларға қатысты. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы құқық бұзушылық бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған және бұдан кейін екі жыл ішінде заңды қайта бұзған тұлғалар туралы дербес мәлімет те жариялануға жатады.

Педофилдер туралы ақпарат Интернетке орналастырылады және қылмыскерлер сотталып келгеннен кейін бес жыл ішінде ашық қолжетімділікте болады.

Жаңа қағида people.cn сайтында сұралған 2430 респонденттің 98 пайыз қолдауына ие болды.

«Бойжеткендерді қорғау» қытай үкіметтік емес ұйымының баяндамасына сәйкес, 2015 жылы БАҚ-та жарияланған балаларға (340) қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың 30 пайызын бұрынғы қылмыскерлер жасаған.

Қытай қоғамында аталмыш қағиданы Цыси қаласының билігі мақұлдағанына қарамастан, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының сарапшылары бұл жаңа өзгеріс түрмеде болған тұлғалардың әлеуметтік бейімделуіне кері ықпал ететінін атап өтуде.

Соңғы жаңалықтар