Қытайда шахтада болған жарылыстан 12 адам қаза тапты

АСТАНА. Желтоқсанның  28-і. ҚазАқпарат -    Қытайдың  солтүстігіндегі Шаньси провинциясында көмір шахтасында қайғылы оқиға орын алды.
None
None

Жарылыс салдарынан  ең   аз  дегенде,  12 адам    қаза тапты.

«Синьхуа» агенттігінің  хабарлауынша,    қайғылы оқиға жексенбі күні     жергілікті уақыт   23.30-да   орын  алды.    Оқиға  кезінде     шахтада 16  адам болған. Жарылыстың салдарынан    шахтерлардың  12-сі  қаза тапқан,  тағы 12 адам   түрлі  жарақатпен  ауруханаға    жеткізілген.

Алдын  ала мәліметтер бойынша,  жарылысқа    қауіпсіздік ережесінің   дөрекі бұзылуы себеп болған.   Жоспарлық     өндірісті арттыру  үшін   жұмысшылар   негізігі  шахтаны  газ толған   пайдаланылмайтын  галереялармен арадағы    қабырғаны   сындырған.

Қытайдың көмір өндіру өнеркәсібі әлемдегі  ең қауіпті     саланың бірі саналады.  Елде  жыл  сайын    сала кәсіпорындарында  апаттардың салдарынан 7 мыңға жуық  адам  қаза  табады.

Соңғы жаңалықтар