Қытайда сиандық студенттер Қазақстанның конституциялық реформасын талқылады

БЕЙЖІҢ-СИАНЬ. ҚазАқпарат - 25 ақпан күні Қытайдағы қазақстандық студенттер қауымдастығының (KSAC) Сиань бөлімінің белсенділері Қазақстан Президентінің халыққа Жолдауы мен ҚР конституциялық реформасы талқыланған дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Дөңгелек үстел жұмысына Чанъань университеті, Сиань көлік университеті, Шэньси провинциясының педагогикалық университеті, Солтүстік-Батыс политехникалық университеті, Сиань шет тілдер университеті, Боай халықаралық мектебінде білім алып жүрген қазақстандық студенттер қатысты. Біз ҚР Президентінің «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын және «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын  асқан қызығушылықпен талқыладық», - деп хабарлады Сиань көлік университетінде «Халықаралық құқық» мамандығының 1-курс магистранты Раисям Мурдинова.
null  

Оның айтуынша, қазақстандық жастар Жолдауда ел дамуының басты мәселелері ғана емес, оларды шешудің нақты ұсыныстары да көрсетілгеніне назар аударған.
null  

Мурдинова шетелдегі қазақстандық студенттердің елде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді бақылап жүргенін, пікір алмасу үшін дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыратынын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар