Қытайда тербелісі 5,5 жер сілкінісі тіркелді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында магнитудасы 5,5 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қытай сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда тербелісі 5,5 жер сілкінісі тіркелді

Ганьсу провинциясындағы жерасты дүмпуі бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:38-де тіркелген. Координаттары – 38.88 с.е., 95.50 ш.б.

Ең қуатты жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,5-ке жеткен. Ошағы 15 шақырым тереңде болған. Эпицентрі Ганьс провинциясына қарасты Дуньхуан қаласынан 150-160 шақырым жерде тіркелді.

Зіңлзаладан зардап шеккендер мен зақым келген ғимараттар туралы ақпарат әзірге жарияланбады.