Қытайда туристік бағыттарға сұраныс артуда
Ұлттық туристік бюроның ақпараттарына сүйенсек, туристік сұраныстардың артуы ішкі бағыттар сияқты, халықаралық бағыттарға да ықпалын тигізді. Ұлттық туристік бюроның бастығы Шао Цивэй атап өткендей, мереке күндері Қытайда 210 млн. адам саяхат жасайтын болады, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Ал шетелдерге 1,8 миллион турист аттанбақ, 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 12 пайызға артып отыр.
Туристердің көп баратын орындарының бірі Дүниежүзілік Шанхай көрмесі болмақ. Себебі ЭКСПО көрмесінің жабылуы қазан айының соңына белгіленген, ал көрмені көруге ниет танытқандардың біраз бөлігі көрмені әлі тамашалай алмаған.
Үш мерекелік күн ішінде Шанхайға 4 млн. астам турист ат басын бұрып үлгеріпті. Соның ішінде ЭКСПО-2010 көрмесіне барғандардың қатары 1 млн. астам адамды құраған. Жеті мерекелік күн ішінде Шанхайға баратын туристердің саны 8 млн. адамнан асады деген болжам бар.
Қазақстандық павильонның директоры Райхан Ділмағамбетованың сөзіне қарағанда, ЭКСПО-ның ашылған уақытынан бері біздің павильонның танымалдылығы күн санап артып келеді.