Қытайда Ұлы Жібек жолы бойындағы қала басшыларының халықаралық конференциясы өтті

АЛМАТЫ. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қытайдың Шэньси провинциясының Сиань қаласында 28-30 мамыр күндері Жібек жолы - 2012» деп аталатын қала әкімдерінің халықаралық конференциясы өтті.
None
None

Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл алқалы жиынға Ахметжан Есімов те қатысқан. Алатаудың етегіндегі мың жылдан астам тарихы көне шаһардың басшысы онда «Жібек жолы» бойынша туризмдегі іскерлік қатынас жөніндегі халықаралық симпозиумның және «Жібек жолы» бойынша өткен қалалар арасындағы достық пікір алмасу мен іскерлік байланыс орнату жөніндегі симпозиумның жұмысымен танысқан.

«Жібек жолының» дала өңірі сол кезде басты дипломатиялық артерияға айналып, Қытайды Орталық Азия, Таяу Шығыс және Жерорта теңізі елдерімен байланыстырып отырды. Біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның осы тарихи рөлін қайта жаңғыртуды, Орта Азия өңірінің транзиттік хабына және Еуропа мен Азияның алтын көпіріне айналуы тиіс деп отыр», - деген  Ахметжан Есімов Елбасының  «Жаңа Жібек жолы» деп аталатын ірі көлемді жобаны жүзеге асыруға кірісу жөнінде тапсырма бергенін айтқан.

Соңғы жаңалықтар