10:28, 02 Сәуір 2015 | GMT +5
Қытайда ұйғыр және тибет тілдеріндегі қолжазбалар қарпіне арналған мобильдік қосымша жасалды
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР Шэньси провинциясындағы Сидянь университетінің мамандары ұйғыр және тибет тілдеріндегі мәтіндерді қолжазба үлгісінде теруге арналған мобильдік қосымша жасап шығарды. Бұл туралы «Синьхуа» хабарлайды.

Бағдарламалық өнім жеті жыл зерттеліп, жасалды. Жұмысқа ұйғыр және тибет ұлыстарының 200-ге жуық мұғалімі мен студенттері қатыстырылған.
Қазіргі уақытта қосымшаның мобильдік құрылғыларға арналған Android нұсқасын бақылау жүргізіліп жатыр.