13:34, 05 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Қытайда жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтеді
АЛМАТЫ. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Желтоқсанның 8-11 күндері Қытайдың Хойку қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты болады.

Бұл байрақты бәсекенің жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрайды. Онда командалар көрсеткен нәтижесі бойынша әлемдік рейтингте есептелетін ұпайға ие болады. Ол 2012 жылы Лондонда өтетін Жазғы Олипиада ойындарының жолдамасын сарапқа салуда ескерілмек. Азия чемпионатында ел намысын ерлер арасында Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко, Дмитрия Яковлев пен Алексей Кулешов, әйелдер арасында Ирина Цимбалова мен Татьяна Машкова, Бахтыгул Самаликова мен Марина Пилипенко жұптары қорғамақ. Қазіргі таңда Қытайдағы Наннинг Оупен Азиялық турында бақ сынап жатқан олар, Хойкуге 6-желтоқсанда аттанбақ.