Қытайда жер сілкінісінен 4 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Яань қаласында жер сілкініп, 4 адам қайтыс болды және 14-і жарақаттанды. Бұл туралы апат салдарын жою жөніндегі қалалық штаб мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайда жер сілкінісінен 4 адам қайтыс болды

Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,1, ал эпиорталығы 17 шақырым тереңдікте болған. Артынша қатарынан бірнеше мәрте афтершок тіркелген.

Ғимараттардың көбі қирап, қалада іздеу-құтқару операциясы басталды.

Айта кетсек, 2008 жылы осы Сычуань аймағында жер қатты сілкініп, 90 мың адамның өмірін қиған.