Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 86-ға жетті

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Сычуань провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен қаза болғандар саны 86-ға жетті, тағы 35 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы бейсенбі күні елдегі төтенше жағдайлар салдарын жою штабынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 86-ға жетті

Қазіргі кезде зілзала ошағы орналасқан Лудин уезінде (Сычуань провинциясы) 50 адам қаза тапты. Яань қаласында 36 адам құрбан болды. Сонымен қатар 270-тен астам тұрғын зардап шекті.

Құтқарушылар Сычуань провинциясының зардап шеккен аудандарынан 20 мыңға жуық адамды эвакуациялады.

Жер сілкінісі Ганцзы-Тибет автономиялық ауданының Лундин префектурасында дүйсенбі, 5 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 12:52-де болды. Зілзала ошағының тереңдігі – 16 шақырым. Жер сілкінісінің эпицентрі провинцияның әкімшілік орталығы – шашамен 21 млн тұрғыны бар Чэнду қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан.