07:45, 10 Қазан 2012 | GMT +5
Қытайдағы халықаралық байқауда жас павлодарлық баяншы бірінші орынды иеленді
ПАВЛОДАР. 10 қазан. ҚазАқпарат - Жас павлодарлық музыкант Олжас Нұрланов Қытай Халық Республикасының Тяньцзынь қаласында өткен IV халықаралық баяншылар байқауында бірінші орынды иеленді,

деп хабарлады облыстық білім басқармасынан.
Талантты бала музыкалық мектеп жанындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды. Оны бұл байқауға Тяньцзынь музыкалық консерваториясының директоры, профессор Су Чаньжунь жеке шақырған еді.
О.Нұрланов 22 музыкант қатысқан 13-15 жас аралығындағы орындаушылардың кіші тобындағы Қазақстаннан келген жалғыз өкіл болды.
Байқауға қатысушылардың бәсекесін баянда ойнау бойынша әлемде танылған жұлдыздар - кәсіби педагогтар композитор Франк Анжелис (Франция), профессорлар Цао (Жаңа Зеландия), Фридрих Липс (Ресей) және Тяньцзынь консерваториясының (Қытай) оқытушылары бағалады.