13:25, 02 Қазан 2016 | GMT +5
Қытайдағы су басқан ГЭС-тен 31 жұмысшы көшірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қазанға қараған түні қатты жауған жаңбырдан Цзинхун (оңтүстік батыс Юньнань провинциясы, Қытай) қаласының гидроэлектростанциясын су басты. Билік кәсіпорынның 31 қызметкерін қауіпсіз жерге көшіріп алды.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 1 қазан күні кешке өзендегі су деңгейі көтеріле бастаған. Су ағыны ГЭС-ті қоршаған дуалды шайып кетіп, ғимараттың бір бөлігін (машина залы) су басты. Көшіру кезінде ГЭС қызметкерлері зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта ел билігі көршілес аудандарға электр энергиясын үздіксіз беру үшін жедел шараларды жасады.