Қытайдағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 85 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Тяньцзин қаласында химия зауытындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны 85 адамға жетті. Бұл туралы Xhinua агенттігінен хабарлайды.
None
None

Сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да қаланың өнеркәсіп аймағында толқыны бірнеше шақырым жерде сезілген күшті жарылыс болды. Шамамен жарты минуттан соң екіншісі орын алған. 2 шақырым қашықтықтағы үйлерде терезелері сынып, кеңсе ғимараттары бұзылды, мыңдаған көлік өртенді. Жұма күні құтқарушылар Қытай шығысының Тяньцзинь қаласындағы қоймада болған жарылыстан кейін тірі қалған бір адамды үйіндінің астынан алып шықты. Тяньцзиньде орын алған апаттан кейін 3,5 мыңнан астам адам далада түнеуге мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар