Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайда Цзилинь провинциясының солтүстік шығысында болған 2,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан тоғыз кенші қаза тауып, тағы 10 адам жарақат алды. Бұл жайлы дүйсенбі күні «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Қытайдағы жер сілкінісі: 9 кенші қаза тапты

Агенттік мәліметінше, жер сілкінісі жексенбі күні шамамен сағат 20:00 кезінде Лунцзяпу ауданында болған. Дегенмен төтенше жағдай кезінде кеніште қанша адам болғаны айтылмай отыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Шахтада жұмыс істеп жатқан барлық кеншілер жер бетіне шығарылды.

Билік оқиғаның себебін анықтауға кірісті.