Қытайдағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз тұрғындары ошағы Қытай аумағында болған жер сілкінісін сезді.

Қытайдағы жер сілкінісі Тараз бен Шымкентте сезілді

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасының ақпаратынша, 19 қарашаға қараған түні, Астана уақытымен сағат үштер шамасында Шыңжан (Синьцзян) провинцияның оңтүстік бөлігінде 10 км тереңдікте қуаттылығы 4 балдық жер сілкінісі болды.

Үш сағаттан кейін аймақта 1 км тереңдікте 4,5 баллдық жер дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматыға жүздеген шақырым жақындау, оңтүстік шығысқа қарай 264 шақырым жерге ығысты.

3 балдық жер сілкінісі Шымкент пен Таразда сезілді.

Еске сала кетейік, 17 қарашада ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 495 км жерде Қырғызстан аумағында орналасқан 6,3 магнитудалы жер сілкінісі Шымкент пен Таразда қуаттылығы 3 балл жерасты дүмпуін тудырды.

Жамбыл облыстық ТЖД ақпаратынша, Жамбыл аумағында ғимараттардың бұзылуы мен адамдардың жапа шегуі тіркелмеді.