09:53, 06 Ақпан 2017 | GMT +5
Қытайдың аттракцион паркінде 13 жасар қыз ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан Чунцинь қаласындағы аттракциондар паркінде 13 жасар мерт болды, деп хабарлайды bbc.com.

Жергілікті басылымдар оның аттракционнан темір дуалға құлап түскенін, ауруханаға жеткізіліп, қайтыс болғанын жазуда.
Тергеушілердің айтуынша, оның қауіпсіздік белбеуі сынған, ал қорғаныс тақтайшасы жеткілікті түрде берік болмаған.
«Кеңістікке сапар» аттракционы соңғы рет желтоқсан айында инспекциядан өткені хабарлануда.
Қытайлық БАҚ оқиға туралы ұялы телефонға түсірілген видеоны жариялады. Алдымен қыз өз орындығына ілініп тұрады, сосын үлкен екпінмен жерге құлайды.
Қытай билігі парктегі барлық аттракционды тексеру туралы шешім қабылдап, парк жұмысын уақытша тоқтатты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қыздың ата-анасы атрракцион паркімен 870 000 юань (127 тыс. долларов) өтемақыға келісімге келген. Қаза тапқан қыз олардың жалғыз баласы болған.