Қытайдың Чанша қаласында зәулім ғимарат өртенді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жұма күні Қытайдың Хунань провинциясының Чанша қаласында көпқабатты ғимараттан өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Қытай орталық телеарнасына сілтеме жасап.

Қытайдың Чанша қаласында зәулім ғимарат өртенді

Өрт орнынан түсірілген видеоға қарағанда, өрт ғимараттың бірнеше қабатын шарпыған. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен басқа да төтенше жағдайлар қызметі келді. Жол полициясы ғимаратты қоршауға алды.

Ғимарат 2000 жылы салынған және Чанша қаласының орталығында орналасқан. Бұл биіктігі 200 метрден асатын осы мегаполистегі алғашқы зәулім ғимарат.


Видеодан алынған кадр