Қытайдың Ченду қаласында XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Ченду қаласында XXXI Жазғы универсиада мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жазғы универсиадада 118 елден келен 7500 атлет 18 спорт түрінде 269 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Қазақстан құрамасы сапында 93 спортшы студент бар, олар 11 спорт түрінен 2 алтын, 7 күміс және 11 қола жүлде жеңіп алды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте 20 жүлдемен 20 орынға тұрақтады.

Медальдар кестесінде 1-орын алған Қытай спортшылары 178 медальға (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) ие болды. Одан кейінгі орындардағы Жапония - 93 (21-29-43), Оңтүстік Корея - 58 (17-18-23) медаль алды.

Енді 2025 жылғы Жазғы универсиада Германияның Рейн-Рур аймағында өткізіледі.

Салтанатты шараның жабылуында Германияның Рейн қаласының мэріне FISU-дің тыу табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар