Қытайдың ірі құрлықтық порты Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға мүдделі
«Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясының Сиань қаласының халықаралық сауда-логистикалық портының басшылығы Қазақстаннан келген делегациямен келіссөздер жүргізді», - делінген баспасөз хабарламасында. «Сианнің халықаралық сауда-логистикалық паркі Азия мен Еуропа арасында үздіксіз жүк ағымын қамтамасыз ету үшін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын дамытуға қызығушылық білдіріп отыр. Сонымен бірге парк басшылығы ынтымақтастық жобаларының таныстырылымдарына қызығушылық білдірген Шэньси провинциясының логистикалық-көліктік компаниялары мен кәсіпорындарын және елдің басқа ішкі аймақтарын белсенді тартып, осылайша екі елдің арасында тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынасты жүзге асыру үшін Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты ынталандыруға ниетті», - деді келіссөздерді қорытындылаған «Kaznex Invest» директоры Жәлел Болатов.
Халықаралық сауда-логистикалық паркінің әкімшілігінде Қазақстанмен жұмыстар жүргізу жөніндегі басқарма құрылды. Ал Шэньси провинциясының үкіметі Алматыда өздерінің өкілдігін құрды. Шэньси провинциясы басшылығының шақыруымен қазақстандық өндіруші-экспортшылардың бірқатары өткен аптада Сиань қаласында өткен Ұлы Жібек жолына мүше мемлекеттердің инвестициялық климат және сауда мүмкіндіктері бойынша халықаралық конференциясына қатысты. Ондағы ұлттық стендте өз өнімдерін 7 кәсіпорын: «Тараз былғары аяқ киім» ЖШС, «Луговой ат зауыты» ЖШС, «СезамЭко» ЖШС, «KUAT LTD» ЖШС, «Химпарк» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Рахат» АҚ таныстырған болатын. Қытай сатып алушылары АӨК өнімдеріне әлдеқайда көбірек қызығушылық танытты. Қытайдың ірі компанияларымен келіссөздер нәтижесі бойынша жыл сайын 100 мың тоннаға дейін қазақстандық өнім - өсімдік майын жеткізу туралы келісімге келу жоспарланып отыр. Қазақстандық өндірушілерге сонымен қатар қытай инвесторларын Қытайда сұранысқа ие өнімдерді өндіретін бірлескен кәсіпорындарға тарту мүмкіндігі беріліп отыр. Бұл тауарлардың кепілдендірілген өткізілуін қамтамасыз етпек.