Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі ҚХР СІМ көмекшісі болып тағайындалды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстаннан 18 мамыр күні кеткен Қытайдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Чжан Ханьхуэй ҚХР сыртқы істер министрінің көмекшісі (министрдің орынбасары шенінде) лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

30 мамырда Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Чжан Ханьхуэймен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың бүгінгі ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейлі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің орындалуын талқылады.

Чжан Ханьхуэй мемлекеттер басшыларының достық қарым-қатынастары арқасында Қазақстан мен қытай арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен әріптестік қарқынмен дамып келе жатқанын айтты.

Тараптар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және қытай тарапының «Жібек жолы экономикалық белдеуі» бастамасының іске асырылуына қатысты пікір алмасты.

Кездесу соңында Ш. Нұрышев Қытайдың ірі қалаларының басшыларын үстіміздегі жылы маусым айының басында Астанада өтетін Жібек жолы елдері қалаларының басшыларының «Global Silk Road» атты форумына шақырды.

Соңғы жаңалықтар