Қытайдың оңтүстік-батысында тау опырылып, 19 адам қаза тапты

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: news.cctv.com

Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Сычуань провинциясының Лешань қаласындағы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында тау опырылған.

Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам адам жіберілді. Іздеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды.

Қазір таудың опырылу себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.




Соңғы жаңалықтар