Қытайдың солтүстік батысында жол апаты салдарынан 36 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін түнге қарай Шэньси провинциясындағы (Солтүстік батыс Қытай) күре жолда жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 36 адам қаза тапты,13-і жарақат алды.

Қытайдың солтүстік батысында жол апаты салдарынан 36 адам қаза тапты

Провинцияның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының мәліметінше, бейсенбі күні шамамен 23:34 кезінде Чэнду қаласынан (Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы) Лоян қаласына (Хэнань провинциясы, Орталық Қытай) бағыт алған жолаушылар автобусы Шэньси провинциясы аумағындағы Сиань-Ханьчжун жолында туннельге шығатын жердегі қабырғаға соғылған.

Зардап шеккендердің барлығы дереу ауруханаларға жеткізілді. Апаттан кейін мемлекеттік кеңес мүшесі, ҚХР  қоғамдық қауіпсіздік министрі Го Шэнкунь апат себебін мүмкіндігінше жылдам анықтап, зардап шеккендерге мейлінше жоғары көмек көрсетілуін талап етті.