23:15, 09 Тамыз 2015 | GMT +5
Қытайдың Суйфэньхэ қаласында ресейлік рубль ресми түрде қолданылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік-шығыс Қытайдағы Хэйлунцзян провинциясының Суйфэньхэ қаласында ресейлік рубльдің қытайлық юаньмен теңдей қолданылуына ресми рұқсат берілді.

Сәйкес қаулыны Қытайдың Халық банкі (Орталық банкі) жария еткен. «Шекарадағы қалада ресейлік валюта айналымын енгізу американдық доллардың орнына юань мен рубльді пайдаланумен екіжақты сауда-саттықты оң дамытудың нәтижесінде мүмкін болды», деді Қытай Халық банкінің монеталық саясаты жөніндегі комитет басшысының орынбасары Цзинь Мэй. Синьхуа агенттігі хабарлағандай, Ресей мен ҚХР шекарасында орналасқан Суйфэньхэ қаласы маңызды трансшекаралық сауда орталығы болып табылады. Бұл қала арқылы Хэйлунцзян провинциясынан Ресейге тауарлардың 80% экспортталады.