Қытайдың Ухань қаласында тырысқақ ауруы тіркелді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тырысқақ (холера) ауруының алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі жергілікті штабқа сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытайдың Ухань қаласында тырысқақ ауруы тіркелді

Тырысқақ ауруына күдікті науқас 9 шілде күні Ухань университетінің жатақханасында анықталған. Науқаста диарея, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер болған.

Тексеруден кейін аурудың тырысқақ екені анықталды. Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің бақылауында.

Жергілікті билік Ухань университетіне санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды күшейтуді, осы университеттің студенттері мен оқытушылары арасында ішек инфекцияларының алдын алу және күресу бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.


Фото: st1.uvnimg.com