Қытайлық БАҚ: Димаш қатарластарынан тым ерте озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «I am a singer» байқауының қытайлық тыңдаушылары Димаш Құдайбергенов өзінің вокалдық басымдығын тым ерте паш етті, өз кезеңінде бұл оның келесі кезеңдердегі көшбасшылығына нұқсан келтіруі ықтимал деп санайды.
None
None

Бұл туралы бейжіңдік «Бэйцзин жибао» басылымы мен «Жэньминьван» сайты хабарлауда.

«Бірінші кезеңде өте керемет өнер көрсеткен Димаш, екінші кезеңде күрделі саналатын «Опера-2» әнін сәтті орындап шықты және бірінші орын иеленген болатын. Дегенмен дауыс беруден кейін, тілшілер байқау тыңдаушыларымен тілдескен болатын. Олардың басым бөлігі Димаш өз қатарластарын тым ерте шаң қаптырып кетті деп санайды. Сонымен қатар жоғары дауыспен ән айта беру тыңдаушыларда «эстетикалық тұрғыда қажытып», кейінгі кезеңдерде оның көшбасшылығына нұқсан келуі ықтимал», - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, Димаш бұған дейін қытайдағы Singer2017 ән байқауына қатысып, бірінші және екінші кезеңінің бас жұлдесін иеленген болатын. Жерлесіміз 4 ақпан күні Астана уақытымен 20:30-да байқаудың үшінші кезеңінде өнер көрсетеді және онда Queen тобының «Show must go on» әнін шырқамақ.

Соңғы жаңалықтар