Қытайлық бойжеткеннің мұрнының ішіне тіс өскен

АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қытайлық бойжеткен көптеген жылдар бойы жиі-жиі мұрнынан қан кетіп, әбден қиындық көрген. Ол созылмалы ринит дертіне шалдықтым деп те ойлаған.

Қытайлық бойжеткеннің мұрнының ішіне тіс өскен

Қан тоқтамаған соң  Хунань провинциясындағы мемлекеттік ауруханаға қаралады.

Отоларингологтар рентгенге түсіргенде оның мұрнының ішінде бөтен дене мүшесі  көрінген, деп жазады Daily Mail.
null 

Алдында дәрігерлер мұрынға  кішкене тас кіріп кеткен деп ұйғарып,  оны суырып алады. Ота барысында пациенттің мұрнында тіс өскені анықталды.