Қытайлық хирургтер науқастың жұлынған қолын аяғына жалғап, құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қытайдың Сюйчжоу округінде істен шыққан станок фабрика жұмысшысының қолын кесіп түсірген. Бұл туралы Metro басылымы хабарлайды.
None
None

Ер адамды ауруханаға әкелгенде, дәрігерлер қанды тоқтатты, алайда кесілген қолды жалғай алмаған.  Кесілген қолды науқастың аяғына жалғау туралы  шешім қабылданды. Арада бір ай өткен соң қолды өз орнына қайтарды.

Ота сегіз сағатқа созылды және сәтті өтті. Сегіз айдан кейін ер адам қолының жандана бастағанын хабарлаған. Дәрігерлер науқасты әлі бақылап келеді және қол қимылының қалпына келетінін айтуда. 

Соңғы жаңалықтар