Қытайлық Иу қазақстандық ұн мен сүт импортына қызығушылық танытып отыр

БЕЙЖІҢ-ИУ. ҚазАқпарат - Шанхай қаласындағы ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев шығысқытайлық провинцияның Иу қаласының мэрі Чжецзян Шэн Цюпинмен (Sheng Qiuping) және осы қаланың орта бизнес өкілдерімен келіссөз жүргізді.
None
None

«Қытай қазіргі уақытта ҚР тауар айналымының жалпы көлемінде үлесі 20 пайыздан асатын ең ірі сыртқы сауда әріптесі саналады. Өз кезегінде, Қазақстан Шығыс Еуропа және ТМД елдері арасында Ресейден кейін Орта Азиядағы ҚХР-дың ірі сауда әріптесі болып табылады. Біздің ел сауда, энергетика, инфрақұрылымдық құрылыс, көлік саласы, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда барынша белсенді өзара қарым-қатынас орнатқан», - деді Ж. Қыраубаев.

Ол «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасының мазмұны, инвестициялық климатты (инвестициялық, салық заңнамасы және т.б.) жетілдіру жөніндегі қазақстандық билік қабылдаған шаралар, сондай-ақ ҚР жоғары экономикалық тартымдылығы (саяси тұрақтылық, бай табиғи ресурстардың болуы, тиімді географиялық жағдай, Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу және т.б.) жайында мәлімдеді.

Өз тарапынан Иу мэрі Шэн Цюпин ауыл шаруашылығымен айналысатын, азық-түліктерді (ұн, сүт) өндіретін қазақстандық бизнесмендерді Иуға өз өнімдерін импорттауға шақырды. Бұл ретте ол 2014 жылы «Иу-Астана-Мадрид» темір жол қатынасы ашылатынын ескертті. Ол арқылы қытай тауарлары күллі әлемге жөнелтіледі. Қытайлық қала басшысы ҚР экономикасына инвестиция салуға, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының аясында Қазақстан қалаларында ірі компаниялардың филиалдарын ашуға әзір екендігін білдірді.

Шэн Цюпин Ж. Қыраубаевтың 2016 жылдың бірінші жартысында жұмыс сапармен келіп, қазақстандық тауарлар мен азық-түлік өнімдері үшін Иу қ. көрме павильонын ұсыну мақсатында Қазақстанға шақырған ұсынысын қабылдады.

Еске салсақ, Иу қаласы - жыл сайын 10 млн адам қатынайтын, ғаламшар бойынша көптеген кәсіпкерлердің бизнес дамыту орталығы болып табылатын, әлемдегі ірі халық тұтынатын тауарлардың көтерме нарығы орналасқан шаһар. Қала алаңы - 30 шаршы шақырым, халқы - 2 млн адам. Мұнда жалпы алаңы 5 млн шаршы метр 70 мыңға жуық дүкен бар.

Соңғы жаңалықтар