Қытайлық қазақ қақпашы Португалияда өнер көрсетіп жүр

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық өлкесі Тарбағатай аймағының тумасы Ержет Ерзатұлы Португалияның екінші лигасындағы «Лейшойнш» футбол клубына қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

null
Transfermarkt сайтының мәлметтеріне сәйкес, 24 жасар қандасымыз «Лейшойнш» сапына шілде айының басында қосылып, трансферлік құны 100 мың еуроны құраған.

Айта кетейік, Ержет 2013 жылғы XII кезекті жазғы жалпықытайлық спартакиадасында Шыңжаң командасының қақпасын қорғап, сол жылы қытайдың U20 ұлттық құрама сапына қосылды. Сондай-ақ, қандасымыз елімізде өткен Президент кубогына бірнеше мәрте қатысқан.
null 

Ержет 2014 жылы Португалияның «Гондамар» командасына қосылып, Қытай тарихындағы еуропа клубтарында өнер көрсеткен алғашқы қақпашы атанды. Екі жылдан кейін ол «Пасуш де Феррейра» командасында бір жыл ойнады.

Бұл күнде қандасымыз «Лейшойнш» сапында үш ойынға қатысып үлгерді.
null 

Соңғы жаңалықтар