19:09, 23 Қаңтар 2013 | GMT +5
Қытайлық саяхатшы әлемді велосипедімен аралап жүр - БҚО
ОРАЛ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Бұл қызықты жайға әуелі Тасқала ауданының жол полициясы қызметкерлері Ж.Сабырғалиев пен М.Құрманов тап болды.

Олар «Орал-Саратов» күре жолының 70-шақырымында велосипед мінген адамды тоқтатады.
Сұрастыра келсе, ол 22 жастағы қытайлық саяхатшы Чу-Чинчан екен. Ол осыдан алты ай бұрын Шанхайдан велосипедпен шығып, Моңғолия арқылы Қазақстанға жеткен. Оның мақсаты жер бетін ақшасыз аралап, олардың тарихымен танысу екен.
Ол әзірге ешқандай кедергіге тап болмаған. Шаршаған уақытында кез келген жерге палаткасын құрып жата кетеді екен.
Чу енді Мәскеуге жол тартып, одан әрі Германия мен Жапония арқылы қайтадан Қытайға түспек. Бірақ мұның бәрін қанша уақытта аралап шығатыны белгісіз.