Қытайлық «ТВЕА» ШҚО-мен озық технологияларды бөлісуге әзір

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «ТВЕА» ААҚ Шығыс қазақстан облысымен озық технологияларды бөлісуге әзір, деді қытайлық компаниялардың халықаралық байланысы жөніндегі президенті Ху Нан «Altai Invest-2016» халықаралық форумында, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Осы сөздерімен ол Жібек жолы экономикалық белдеуін іске асыру аясында «Бір белдеу - бір жол» атты бірлескен құрылыс тақырыптары бойынша өз пайымын қорытындылады.

Оның айтуынша, ТВЕА мен ШҚО кәсіпорны энергетика, көлік, тұрғын үй құрылысы, ауыл шаруашылығы салаларында ынтымақтастықтың барынша кеңейтілген жолын іздеуге әзір.

Ху Нан жемісті ынтымақтастық екі ел халықтары мен экономикасының гүлденуінен көрінетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар