02:38, 09 Шілде 2017 | GMT +5
Қытайлықтар Қазақстанның инвестициялық ахуалымен танысты
БЕЙЖІҢ-ЛАНЬЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышов Жібек жолы белдеуіндегі елдермен Қытайдың практикалық ынтымақтастығы жөніндегі форум жұмысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.

Қазақстандық дипломат форум барысында елдегі шетелдік инвесторлар үшін басымдылықтар, ұлттық заңнаманы оңтайландыру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ Ұлттық инвестициялық стратегия туралы айтты.
«Жаһандық және өңірлік интеграциялық процестерді қолдайтын Қазақстан инвестиция және сауда-саттық жолдарындағы кедергілерді төмендету және сауда-экономикалық қатынастарды тереңдетуге жете мән беруде», - деп атап өтті ол.
Ш. Нұрышов қытай бизнес өкілдерін осы жылдың тамыз айында ЭКСПО-да өтетін Ганьсу провинциясының апталығы аясында жаңартылған және баламалы энергия салаларындағы заманауи жаңа жобаларын көрсетуге шақырды.