Қытаймен «Қорғас» ШЫХО қызметiн реттеу келiсiмі хаттамасы бекітілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның қатысуымен өткен кездесу аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.
None
None

Сонымен қатар шара аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен ҚХР коммерция министрі Гао Хучэн екі ел үкiметтерi арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қызметiн реттеу келiсiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама бекітіліп, Ұлттық банк пен ҚХР Банкiнiң арасындағы ұлттық валютада өзара есеп айырысу және ҚР Ұлттық банкi мен Қытай Халық банкi арасындағы Қазақстан теңгесi/Қытай юанi Валюталық Свопы бойынша екiжақты келiсiмге қол қойылды.

- Қытай бизнесінің Қазақстанға деген қызығушылығы зор. Өз кезегінде бұл қызығушылықтың өзара екендігін растай аламын. Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кеңейіп келе жатқанын атап өткім келеді. Экономиканың қазіргі тұрақсыз жағдайында елдеріміз маңызды тапсырмаларды шешу үшін ортақ достық әлеуетін мемлекеттеріміздің пайдасына асыруы қажет, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол Қазақстан өнеркәсіптік және қайта өңдеуші салаларға, қосымша құны жоғары ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы өндірістер құруға шетелдік инвестицияларды құптайтынын тілге тиек етті. Екіжақты үкіметаралық кездесу барысында тараптар бұдан басқа тағы төрт салада өзара әріптестікті тереңдететін құжаттарға қол қойып, мөр басты. Атап айтқанда: - ҚР Ұлттық экономика министрлiгi мен ҚХР Даму және реформалар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi арасындағы «Жiбек жолының экономикалық белдеуiн» бiрлесiп құруды iлгерiлету туралы хаттама; - ҚР Қаржы министрлiгi мен ҚХР Кедендiк бас басқармасы арасындағы өкiлеттi операторларды өзара тану туралы ынтымақтастық бойынша жоспар; - ҚР Энергетика министрлiгi мен ҚХР Атомдық энергиясы басқармасы арасында ядролық өнеркәсiп саласындағы ынтымақтастықты тереңдету бойынша өзара түсiнiстiк туралы меморандум; - ҚР Инвестиция және даму министрлiгi мен ҚХР Сауда-өнеркәсiп банкi, СИТИК және «Қазақстан поташ корпорейшн» ЖШС арасындағы Қазақстанның калийлi кен орындарының ресурстарын игеру бойынша шектемелi келiсiм сынды құжаттар екі елдің сала мамандарының арасында үйлесім тауып, заңды күшіне енгізілді.

Соңғы жаңалықтар