Қытаймен шекарада «Нұрлы жол» өткізу бекеті салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистралінің бойына «Нұрлы жол» автомобильдер өткізу бекеті салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қытаймен шекарада «Нұрлы жол» өткізу бекеті салынады

«Бүгін ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Eurotransit Terminal» ЖШС директоры Ерлан Диханбаев «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының бөлігінде «Нұрлы жол» автомобиль өткізу бекетін тұрғызу бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды», - делінген ведомство хабарламасында.

Құжатқа қол қою Kazakhstan Global Investment Roundtable инвестициялық форумы аясында өтті.

Меморандум Қытаймен шекарадағы халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автомагистарлі бойындағы «Нұрлы жол» өткізу бекетінің құрылысын жеке серіктестер жүргізуін қарастырады. Сонымен қатар, Eurotransit Terminal өткізу бекетінің құрылысы мен алдағы қызмет көрсету сапасына жауапкершілікті өз мойнына алды.

Жоба мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында жүзеге асырылмақшы.