Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бекетінде электронды кезек броньдарының мерзімі ұзартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытаймен шекарадағы «Нұр Жолы» бекетінде бұған дейінгі «E-border.kz» сервисі арқылы алынған электронды кезек броньдарының жарамдылық мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Мемлекеттік шекара арқылы жүк көліктерінің өтуін ыңғайлы ету және цифрландыру үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2022 жылғы 10 наурыздан бастап 31 желтоқсанға дейін «E-border.kz» платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі пилоттық жобасын жүзеге асырды.

Бүгінде «Нұр Жолы» өткізу бекетінде Qoldau.kz («CarGoRuqsat» мобильді қосымшасы) сайтындағы ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ платформасының электронды кезек жүйесі іске қосылған. Бұл жүйенің өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен 15 интеграциясы бар, яғни кезек алу кезіндегі ықтимал айла-шарғыларды болдырмауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда «Qoldau.kz» жүйесіне бұған дейін «E-border.kz» арқылы алынған шамамен 19 803 көлік кезегі көшірілді.

«E-border.kz» сервисіндегі броньдалған кезектер санының айтарлықтай көптігіне байланысты, сонымен бірге бекеттегі өткізу мүмкіндігін ескере отырып, мемлекеттік органдар бұған дейін берілген кезектердің жарамдылық мерзімін арттырып, есесіне келесідей үлестіру механизмін енгізу туралы шешім шығарды.

2023 жылдың 31 қаңтары мен 1 наурызы аралығында – «Qoldau.kz» платформасында 70 көлік «E-Border.kz» арқылы алынған ескі кезекпен өтеді. Сондай-ақ, тез бұзылатын тауарлар тиелген, экспорттық немесе габаритті жүктер және электронды кезектің Уақытша өткізу сызбасына сай келетін өзге де категорияға жататын 30 көлік өткізілмек.

2023 жылдың 1 наурызынан кейін бұл арақатынас өзгертіліп, бекеттің өткізу мүмкіндігі арта түседі. Ескі кезектегі 70 және одан да көп автокөлік («E-Border.kz»), 30 автокөлік – кезектен тыс тәртіп бойынша, тағы 30 және одан да көп көлік жаңа «CarGoRuqsat» арқылы кезек алғандар. Бұл жүйе ҚХР мен ҚР өткізу бекеттерінің өткізу мүмкіндігіне сай, «E-Border.kz» сервисіндегі барлық кезек аяқталғанша түзетіліп отырады (аталған өткелдегі жобалық қуаттылық –тәулігіне 1 100 АТС).

Ұсынылып отырған сызба барлық тараптың, яғни кезекті реттеудің тиімді құралдарын енгізу бойынша мемлекеттің де, сыртқы сауда қызметінің бұған дейін кезек алып қойған және енді кезек алуға ниеттеніп жүрген қатысушыларының да мүддесін көздейді.

Ережелерге сай, жаңа «CarGoRuqsat» сервисінде көліктерді тіркеу аталған көлік құралы бойынша қолданыстағы бронь болмаған жағдайда, нақты айтқанда «E-border.kz» тізімінде болмаған жағдайда мүмкін болмақ.

Комитет тасымалдаушылар мен көлік құралдарының жүргізушілерінен өз бағытын алдын ала, яғни «CarGoRuqsat» қосымшасында жарияланатын тізілімдегі кезектің қозғалысын есепке ала отырып жоспарлауды сұрайды. Көлік белгіленген күні келмеген жағдайда кезектің күші жойылып, жүргізушілер броньдау процедурасын қайта жүзеге асыруға тиіс болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы 12 өткізу пунктінде электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі іске қосылды.

23 қарашадан бастап Қытаймен шекарадағы «Достық» станциясында электронды кезек жүйесі қолданысқа енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар